Индербор кентінде көпқабатты тұрғын үйлер жөндеуден өтуде

 
Индербор кентінде 7 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
 
Қазіргі таңда Тайсойған №10 үйінің жөндеу жұмыстары аяқталуда. Одан бөлек, Қонаев №7, №9, №10, №11 және Қаражанов №20 тұрғын үйді жөндеу мақсатында қазіргі уақытта мердігер мекеме анықталып, мамыр айында жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда.
Сонымен қатар, Тайсойған №9 үйдің жөндеу жұмыстары бойынша мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды.
Жоспарға сәйкес, аталған тұрғын үйлердің қасбеттері әрленіп, шатырлары жөнделетін болады.
Айта кететін жайт, 2021 жылы Индербор кентіндегі 11 көп қабатты тұрғын үй толықтай күрделі жөндеуден өтсе, 2022 жылы 6 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қасбеттері жаңартылып, шатырлары ауыстырылған болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521