Индер – жаңару жолында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында өңірлердің инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударып, ауылдық аймақтардағы жол сапасын жақсарту – халықтың тұрмыс деңгейін көтерудің басты тетігі екенін атап өтті.

Бұл бағыттағы жұмыстар Индер ауданында да жүйелі түрде жүзеге асуда. Қазіргі таңда Индербор кентінде ұзындығы 10,4 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарын қайта жаңарту жұмыстары басталды. Жобаны «Монолит Дизайн-2030» ЖШС мердігер мекемесі іске асыруда. Аталған жоба аясында бұрын жол төселмеген бірнеше көшеге асфальт жабындысы салынып, қазір Ақтау көшесінде алғашқы қабатты төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Жобаға Сарайшық, Көктем, Тайсойған, Мендғалиев, Шәкәрім, Талды, Асанқайғы және өзге де көшелер енгізілген. Бұл жұмыстар кент ішіндегі инфрақұрылымды жаңғыртып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Президент атап өткендей, «инфрақұрылым – өңір дамуының негізі». Сондықтан мұндай ауқымды істер Индер ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, елді мекендердің көркеюіне жол ашады.

"Дендер-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT