Индер ауданында "TRASHTAGATYRAU" акциясы өткізілді

Халықаралық жастар күніне орай аудандық жастар ресурстық орталығының қолға алуымен "TRASHTAGATYRAU" акциясы өткізілді. Ұйымдастырылған акцияға белсенді жастар, еріктілер және «Жасыл ел» сарбаздары қатысты.

Олар Жайық жағасын қатты қоқыс қалдықтарынан тазартып, табиғат анаға деген өз жанашырлықтарын танытты. Жыл өткен сайын сағасы тарылып бара жатқан өзеннің тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмасы анық. Солардың қатарында «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшесі Манат Маркосова да бар. Ол өз замандастарын тазалыққа үндеді.

- Бүгін бізде "TRASHTAG» акциясы өтіп жатыр. Соған бай- ланысты «Жасыл ел» сарбаздары Жайық жағалауын тазартуға атсалысуда. Қоршаған орта өзіміздің үйіміз емес пе,-деді жас сарбаз. Жастар жиналған қоқыстарды "Жасыл аймак" ЖШС жүк көлігіне тиеп, арнайы полигонға жөнелтті. Негізінен тазалық акциясына қатысқандардың көмегімен 40 тоннаға жуық қоқыс қалдығы арнайы полигонға жөнелтілді.

zhasyl-elll

Жастар ресурстық орталығының берген ақпаратына сүйенсек, карантин талаптарына сәйкес "Жасыл ел" еңбек жасағына құжаттар қабылдау онлайн режимінде жүргізілген. Нәтижесінде ауданға көгалдандыру бағыты бойынша барлығы 75 квота бөлініп, маусым, шілде, тамыз айлары аралығында осыншама жас уақытша жұмыспен қамтылды.

Оларға белгіленген мөлшерде арнайы еңбекақы төленіпті.

К.СҰҢҚАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521