Индер ауданында мәслихат депутатын сайлау аяқталды

Индер аудандық мәслихатынан шығып қалған депутаттың орнына өткен сайлау таңғы сағат 7:00-де басталып, өз мерзімінде, яғни сағат 20:00-де сәтті аяқталды.

 №112 сайлау учаскесінде тіркелген 1359 сайлаушының 763-і өз таңдауын жасап, дауыс беруге қатысқан. Учаскеде барлығы 1373 бюллетень дайындалған болатын.

Сайлау комиссиясының төрайымы Гүлайым Жалғасбаеваның айтуынша, дауыс беру қорытындысы төмендегідей болды: Құбайдуллин Райымбек – 77 дауыс, Турайсов Руслан – 164 дауыс, Ерғалиев Нұрбол – 476 дауыс жинаған.

Осылайша сайлау науқаны заң талаптарына толық сәйкес, ашық әрі әділ жағдайда өтті.

А.Бокирова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

AQPARATPRINT