Индер ауданында кар құрсауында қалғандар құтқарылды

2023 жылдың 16 ақпан күні 22:45 сағатта Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінен қыстақтардың біріне бағыт алып, шамамен 30 шақырым қашықтықта "Mitsubishi Pajero" маркалы автокөліктің қар құрсауына батып шыға алмай қалғаны туралы шақыру түсті.

Атырау облысы ТЖД Индер ауданы ТЖБ және ӨСБ қызметкерлері дереу авариялық-құтқару жұмыстарына шықты. Қызметкерлер оқиға орнына жеткен кезде қар құрсауына батқан автокөлікте 4 адамның барын (3 ересек, 1 бала) анықтады.

Атырау облысы ТЖД қызметкерлері жолаушыларға жол талғамайтын техникамен көмекке келіп, құтқарылған 4 адамды Индербор кентіне аман-сен жеткізді.

Құтқарылған жолаушылар медициналық көмекті қажет етпеді, жағдайлары қалыпты.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Осыған баланысты Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады: Көлік қысқы жолға жабдықталмаса, қараңғы түскенде жолға шықпаңыз. Автокөлік ауа райына сәйкес жабдықталуы керек. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз! Сондай ақ 112 қызметі жіберетін SMS хабарламаларды ескеруді сұрайды.

 

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521