Индер ауданында бірлік мерекесі аталып өтті

Бүгін Индер ауданындағы орталық алаңда Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.

Шара барысында аудан әкімі Салауат Өтеғұлов жерлестері мен адан қонақтарын бейбітшілік пен достықтың, бірлік пен берекенің, ырыс пен ынтымақтың белгісін айшықтайтын мерейлі мерекемен құттықтады.

akim-kuttyktau

Бүгінде ауданымыздағы мыңнан астам этнос өкілдері жергілікті халықпен етене араласып, тату-тәтті, бір шаңырақ астында ел игілігі жолында табысты еңбек етуде екендігін тілге тиек етіп, еліміздің болашағы баянды, іргесі берік, келешегіміз кемел болсын деген тілегін білдірді.

Алаңға жиналған тұрғындарға аудан өнерпаздары мерекелік көңіл-күй сыйлап, салтанатты шара ел бірлігін, ұлттар достығын көркемдеген концерттік бағдарламамен ұласты.

bi

korermender

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521