Индер ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды

"Атырау – адалдық алаңының" Индер аудандық жобалық кеңсе өкілі Әсел Сарғойшина сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Индер ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Әсел Жұбанғалиқызы 1984 жылы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылында дүниеге келген.

1990-2001 жылдар аралығында Сүйіндік қазақ орта мектебінде білім алған.

2001 -2005 ж Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.

2005-2006 жылдары Атырау қаласындағы №27 И.Тайманұлы атындағы орта мектепте мұғалім,

2007 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық колледжінде оқытушы, 2008 жылы БҚО Орал қаласындағы Инженерлік-техникалық колледжде оқытушы болып қызмет еткен.

2008-2010 жылдары БҚО ІІД Зеленов АІІб Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының инспекторы лауазымында қызмет атқарды.

2010 жылы Индер ауданында «Көктем» қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 2013 жылы «Дендер» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы,

2014-2018 жылдары Индер аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры, «Жас Отан» жастар қанатының аудандық хатшысы ,

2018 жылы аудандық білім бөлімінде әдіскер қызметін атқарды.

2019 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Көктем» қазақ орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарады.

2020 жылы құрылған «Әселдің әсем әлемі» қоғамдық қорының төрайымы.

Аудан әкімінің, облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.

Тұрмыс құрған. Отбасында екі баласы бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521