Индер ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Индер ауданы әкімінің өкімімен Сүйеуова Гүлнұр Жалғасқызы Индер ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. 

Сүйеуова Гүлнұр Жалғасқызы 1976 жылы 4 желтоқсанда Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.

1997 жылы Х.Досмұхамедов атындағы университетін химия-биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің қаржы бакалаврын бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Индер ауданы, Есбол ауылдық округіндегі Жамбыл орта мектебінде биология және география пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған.

1998-1999 жылдары – Ақтау қаласының №17 мектебінде мұғалім, 2000-2003 жылдары – М.Әуезов орта мектебінде – лаборант, мұғалім, оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі, 2003-2010 жылдары – Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде – бас маман, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, 2008-2009 жылдары – аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

2011-2017 жылдары – аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрмен жұмыс және мемлекеттік құқық бөлімінің, ұйымдастыру және бақылау, персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы.

2017 жылдан күні бүгінге дейін Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.

Отбасылы. «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521