Газеттің орны бір бөлек...

Сурет автордікі
  • «Dender» газетіне биылдан бастап балама жазылу қайта жалғасын тапты. Сондай оқырмандардың бірі Аманғали Жолдасбаевты редакциядан кездестірдік. Кезінде ауданда мемлекеттік және коммуналдық салаларда абыройлы еңбек еткен ағамыз бүгінде зейнеткерлік демалыста, отбасында ұрпағының қызығын көріп отыр. Ол бұған дейін «Dender» газетін пошта арқылы алдыртып келіпті. Әсіресе, Гүлзада атты пошташы қыз газетті уақытында әкеліп беріп жүргеніне ризашылығын білдіреді. Бірақ соңғы кезде басқа пошташылар жақсы тасымалдапты.
  • – Әрбір үйге газет тасыған пошташыларға алғыстан басқа айтарым жоқ. Дегенмен, газет шыққан уақытынан кешігіп жететіні рас. Ал, біз сияқты зейнеткер адамға балама газет алған тиімді деп ойлаймын. Әңгіме газеттің балама түрінің поштадан арзан болғандығынан ғана емес. Жұма күні аптасына бір кезек жұмыс қылып орталыққа газет алуға шығып, таныстарыммен кездесіп, бір серпіліп қаламын. Әрине, қазіргі ақпараттық технологияның қарыштап дамыған заманында ұялы телефон арқылы да аудан тынысынан хабардармын. Бірақ, газетті қолыма алып, мақалалардың толық нұсқасын оқып, шынайы ақпарат алғанның жөні бөлек қой, - дейді ардагер.
  • Айта кетейік, газетке жазылу пошта арқылы да, редакция арқылы да жыл бойы жалғаса береді. Ал, сіз газетке жазылдыңыз ба?
  • С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521