Функционалды кереует тарту етті

Индербор кентінің тұрғыны, І топ мүгедегі Қабес Қапаров редакцияға хабарласты. Ол осы уақытқа дейін Индер ауданының әкімі болып қызмет атқарған Салауат Өтеғұлов пен аудандық мәслихат депутаты Мәлік Биғамбаевқа  ризашылығын газет арқылы жеткізгенді жөн көріпті.
Қабес Бозшаұлы тағдырдың тәлкегіне ұшырып, қоларбаға таңылғанына да біраз жыл болып қалды. Отырып-тұруы қиын мүмкіндігі шектеулі жанға кереуетінің де ыңғайлы болғаны керек. Қазір дамыған елдерде  жасалынған небір  көп функционалды кереуеттер баршылық. Алайда  оған жәрдемақысы жете қоймайды. Кәсіпкерлерден қаражат сұрап көргенімен оның да реті болмайды. Ақыры фейсбук әлеуметтік желісі арқылы  көмек сұрап жазады.
-Көп кешікпей аудандағы «Нефтек» жанар, жағармай стансасының иесімін деген жеке кәсіпкер хабарласты. Содан аудан әкімі болған Салауат Өтеғұловпен бірге келіп жағдайымды білді.  Германия елінен шығарылған көп функционалды кереует  жақын жер дегенде Ресей астанасы Мәскеуде бар екен. Азаматтар сол көрші елден демеушілік көмекпен әкеліп беруге жағдай жасады. Осы жомарт жігіттердің арқасында  пульт арқылы басқарылатын ерекше кереуеттің игілігін көрудемін, - дейді ол.
Сонымен қатар аудандық мәслихат депутаты Мәлік Биғамбаев Алматыдан қоларбасына электрлі қондырғы алып беруге көмек жасапты.
Мүмкіндігі шектеулі жан демеушілік көмек жасаған азаматтарға  мың да бір алғысын жеткізеді.


С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521