Есболда ауыл тұрғындарын ұрған полицейлердің соты басталды

Өткен жылдың маусым айында Индер ауданындағы Есбол ауылында полиция жүргізуші куәлігі жоқ жергілікті тұрғын мен оның досын ұстап, арнайы құралдар – сойыл, электршокер және көз жасаурататын газ пайдаланған.

Кейін ұсталғандарды әкімдікте орналасқан учаскелік инспектордың бөлмесіне алып барғанда полицейлердің қатал әрекеттері мен заңсыздықтарына күйінген елуден аса есболдық арттарынан осы жерге келеді. Наразы жұртқа ақсақалдар мен ауыл әкімі басу айтқанымен, адамдар тек ұсталғандар босағаннан кейін ғана тарады.

Міне, енді осы іс бойынша аудандық полиция бөлімінің екі офицерінің үстінен билігін асыра пайдаланғаны үшін (ҚР ҚК-ның 362-бабы) сот процесі басталды.

Енді аудандық полиция бөлімінің екі лейтенантының тағдырын сот шешеді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз