Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қазақ даласы әлем халықтары көз тіккен, қызыға қарайтын дүниелердің барлығына тұнып тұрғандығы айтылған.
Соның бірі – ұлттық мұрамыз, атқа міну мәдениеті. Сондықтан бүгінде жастар арасында атқа мінуді кеңінен насихаттап, ұлттық дәстүрді дамытуға ерекше назар аудару міндеті тұр. Осыған орай жақында Бөдене ауылында «Ер қанаты – ат» тақырыбында ғұмырлық түйін жасаған бабаларымыздың мұрасы ат әбзелдерін танып-білу, олардың жасалу жолдарын үйреткен шеберлік сағаты өтті. Бұл кеште ұзақ жыл жылқының құлағында ойнаған ауыл тұрғындары Санақ Қозыкеев пен бие өнімін кәдеге жаратып, ауруға шипа еткен Бәтима Дәулетқалиева қатысып, өздерімен бірге ер-тұрман, ат әбзелі құралдарын әкеліп, оны қалай пайдаланылатынын және жасалу жолдарын кеңінен әңгімеледі. Шара барысында Бөдене мәдениет үйінің директоры Тамара Жылқышиева келген қонақтарға ризашылығын білдірді. Мерекелік кеш аясында мәдениет ұжымы мен ауыл жастары өз өнерлерін көрсетті.
Диас АЙБАР
Бөдене ауылы