Еріктілер тазалықшыларды таңғалдырды

«Әйіп қажы» мешіті жанынан құрылған «Иман жастары» еріктілер тобының бастамасымен атқарылған көптеген игілікті істер ел есінде. Кешегі сенбіде олар тағы бір істің бетін қайырып, жақсы істің үлгісін көрсетті.

Осы еріктілер тобының жетекшісі Рашит Хамидуллиннің айтуынша, осы жолғы жұмыстарында еріктілер «Жасыл аймақ» ЖШС-нің тазалық жұмыстарын жүргізуші жұмысшыларына тегін ыстық бәліш, шай беріп, өздері олардың қызметтерін атқарыпты.

- Қоршаған ортаның тазалығына кім-кімде мүдделі ғой. Күн санап көркейіп келе жатқан Индербор кентінің келбетіне көрік қосып, тазалығына жауапты болып табылатын аға-апаларымыздың жұмыстарына қолдау көрсетуді мақсат тұттық,-дейді ол.

Өткен қаңтар айында аудан әкімі Мейірім Қалауи аудандық жастар орталығында осы еріктілер тобымен кездесіп, олардың жұмыс-жоспарларымен бөлісіп, «Еріктілер жылының» сәтті өтуіне тілектестігін білдірген болатын. Сол уақыттан бері аталмыш еріктілер тобы жылдық жоспарын жасақтап, түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отырған көрінеді.

С.КӨШЕКОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521