Ерекше кітапхана – елге үлгі

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрмесі аясында «Тарихи таңдау» тақырыптық экскурсиясы кешегі сейсенбіде аудандық мәдениет үйінде  өтті.

Көрмеге жиналған  көрермендер алдында Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауова қонақтарға қош келдіңіздер айтып,  Астанадағы Елбасы кітапханасын жергілікті атыраулықтардың тамашалау   мүмкіншілігіне ие болуы үлкен мәртебе екенін атап  өтті.

 Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Әмірхан Рақымжанов әсіресе жастар мен оқушылар толы залда ерекше кітапхана туралы толымды мәлімет берді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы қайраткерлігін архив құжаттары мен жәдігерлер арқылы жүйелі түрде кеңінен көрсететін бұл жобаның маңызы зор. Бүгінде кітапхана  қорында 28 мың кітап болса, оның алды 60-ыншы жылдардан бастап Н.Назарбаевтың өзінің үйінде жинаған кітаптары. Сонымен қатар басқа елдің президенттері мен тұлғалары сыйлаған құндылығы ерекше кітаптар мен жазбалар бар. Қазақстанның тәуелсіздігін алып, қалыптасқан  жылдардан бергі 140  мыңнан астам мұрағаттық деректер сақталған. Барлығы да электронды нұсқасымен қамтылған, арнайы сайттан да тамашалауға болады,-дей келе, аудан әкімі С.Арыстанға аудан кітапханаларына қою үшін бірнеше кітап тарту етті.  Осы орайда аудан басшысы да ерекше кітапханамен елді таңғалдыра келген топқа индерліктер атынан ризашылығын білдіре келе Ә.Рахымжановқа Алғыс хат пен шаңырақ  бейнесіндегі кәдесыйын ұсынды.

 Материалдың толық нұсқасын "Дендер" газетінің 20.09.18 ж. №38 (8189)

санынан оқи аласыздар.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521