Елімізде ақ қағаз қымбаттап кетті

Елімізде А4 форматындағы ақ қағаздың бағасы бірден екі есеге өсті. Кейбір дүкендер бір адамға тек бір қораптан ғана сатып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Ақ қағаздың бағасы Наурыз мейрамынан кейін күрт өсті. Бұрындары ішінде 500 дана тұратын бір қорап А4 форматындағы ақ қағазды 1500 теңге төңірегінде сатылса, енді бағасы екі есеге өскен.

Қазақстандағы ең ірі канцеляриялық тауар сататын дүкенде ақ қағаздарды шектеп сатып жатыр. Сонымен қатар, ғаламторда да ақ қағаздардың саудасы қызып тұр. Алыпсатарлар жоғары бағаға қалаған мөлшерде ақ қағазды тауып беруге дайын. Бірақ оларда ақ қағаздың бір қорабы 3500-4000 теңгеден басталады.

 azh.kz сайтынан 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521