Көктем мөлтек ауданында орналасқан 114 сайлау учаскесіндегі саяси маңызы бар шара әнұран орындалуымен ашылды. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Гүлзада Құсайынова сөз сөйлеп ашып, дауыс беру тәртібімен таныстырып өтті. Аталған аумақта 1497 сайлаушы тіркелсе, 12 жас алғаш рет дауыс беріп, өз таңдауларын жасауға мүмкіндік алмақ. Сондай-ақ егде жастағы 13 сайлаушы бар. Үй жағдайында дауыс беруге 3 тұрғыннан өтініш түскен. Оларға арнайы жылжымалы жәшік апарылады. Осы мақсаттағы өтініштер күндізгі сағат 12:00 ге дейін қабылданады.
Еліміз үшін маңызды
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 251