Ел қатарлы білім алуда

Қазіргі таңда әлем жүртшылығының назарын аударып отырған мәселесі-балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру үдерісін дамыту. Ерекше білімді қажет ететін балаларға қоршаған ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үдерісіне толық қосу-инклюзивті білім беруде қарастырылған.

Әрбір ата-ана өз баласының дамуын қалыпты балалар қатарынан көргісі келеді. Осы орайда ауданымыздағы «Көктем» қазақ орта мектебінде инклюзивті сынып ашылуы, көңілімізге ерекше қуаныш ұялатады. Менің қызым Әдемі Жақсылық осы сыныпқа қабылданды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған қызым тьюттердің сүйемелдеуімен АВА әдісі бойынша дамытылып, жақсы білім алып жатыр. Осындай сыныптарға бару арқылы балалар зор мүмкіншіліктерге ие болады деп ойлаймын. Қоршаған ортадан қалыс қалмай, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.

Ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуына жағдай жасап отырған аудан әкімдігіне және «Инклюзия-Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігіне алғысымды білдіремін. «Сапалы білім-барлығы үшін» деген ұстанымды қолдай отырып, ана ретінде қызымның жарқын болашағы үшін инклюзивті білім берудің ауданымызда одан әрі жандана беруіне шын жүректен тілектеспін.

Ақбөбек ТАТАНОВА

ата-ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521