Өрлік ауылының мәдениет үйінде ✓120 сайлау учаскесі орналасқан. Сайлау сағат 7.00-де Қазақстанның Гимнімен ашылған соң, учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Мәдениет Төлепов референдумды ашық деп жариялады. Ауылда ең алғаш болып мемлекеттік қызмет ардагері, жақында 70 мерейлі жасын тойлаған Андашев Константин Қуанұлы дауысын берді. Оған учаскелік комиссия төрағасы референдумның ашылу салтанатында символикалық сыйлық ұсынды. Бұл сайлау учаскесінде барлығы 1531 сайлаушы тіркелген болса, сағат 10.00-ге дейін 358 адам дауыс беріп үлгеріпті. Ал үйден дауыс беруге 10 адам ұсыныс білдіріпті. Ауылда референдум жұмысын жалғасын табуда. С. Сансызбайұлы.
Ең алдымен дауыс беріп, сыйлық алды
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 122