«Димаш төбе» тарихи ашық мұражайы пайдалануға берілді

Аспан астындағы ашық мұражай Индербор кентінен шығысқа қарай 8 км қашықтықта Индер-Қарабау тас жолының бойында орналасқан. Бұрын «Оңдасын жалы» атанған орын еді.

Аталмыш орын Қазақстанның мемлекет  және қоғам қайраткері, Д.А.Қонаев Қазақстан Коммунистік партиясы орталық комитетінің 1 хатшысы, қазақ халқының біртуар перзенті  Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1978 жылы 4 мамырда  ауданға арнайы келген сапарында Индер күмбезіндегі қазба байлықтың мол қорымен танысқан кезде осы мұражай ұйымдастырылған. Сол кезде Д.Қонаев мұражайды аралап, өңірдің қазба байлыққа толы екендігіне көз жеткізіп, мамандармен пікір алысқан. Содан бері бұл жер ел арасында «Димаш төбе» атанып кеткен болатын.
Аспан астындағы ашық мұражай, бүгінгі күнде бүлініп, қазба байлықтардың бірде-біреуі қалмаған еді. Сол себепті музейді қайта жандандырып, ұйымдастыру мақсатында  өткен жылдың желтоқсанында аудандық құрылыс бөлімінің арнайы тапсырысы негізінде  құрылыс жұмыстары басталған болатын. Тарихи ашық мұражайда 22 минералға арналған жәшік, ротонда, «Димаш төбе», «Тұз көлі», «Қыз әулие» туралы ақпараттар жазылған тақтайша, төсем тастар төселген. 
Еліміздің ұлттық мерекесі республика күні қарсаңында аспан асты мұражайының салтанатты ашылуы өткізілді.

Салтанатты шарада аудан әкімі Серік Нсанбаев құттықтау сөз сөйледі.

- Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді бүгінгі ерекше күнмен құттықтаймын. Еліміздің ұлттық мерекесі республика күнімен тұспа-тұс келген қуанышты баршаңызда асыға күттіңіздер. Өйткен кезінде кен байлығымен атағы алысқа жеткен Индербор кентінің жерасты қазба байлығынан құралған мұражай ұрпақ үшін берері көп деп білеміз. Арнайы қаржы бөлініп ел игілігіне берілген мекенге келушілердің қатары көп болары сөзсіз. Күтіп ұстау ортақ міндет екенін атап айтқым келеді,-деді аудан басшысы. 

КСРО геология министрлігі «Пайдалы қазбаларды барлау саласының үздігі» Марат Мұқанов өз сөзінде мемлекет қайраткерінің ауданға сапарының куәсі болғанын, жас геолог ретінде тәлім алар сәт болғанын еске алып өтті. 
Арнайы құттықтаудан соң Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері Жұмагелді Жұмыров пен ардагер-геолог Марат Мұқанов арнайы лентаны қиған соң, келушілер мұражаймен танысты. 
Жаңа аспан асты мұражай елге қызмет ете берсін!

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

AQPARATPRINT