Біз есте сақтаймыз

Аудандық «Дендер» қоғамдық-саяси газетінің 85-жылдығына орай «Жастар жылы» аясында, Ұлы Отан соғысына қатысушы, партия және кеңес қайраткері, КСРО Журналистер одағының мүшесі, осы газеттің 1976-1985 жылдар аралығында редакторы болған І.Ә.Көпбаевты еске алуға арналған «Біз есте сақтаймыз» тақырыбы бойынша 14-29 жас аралығында жастар арасында байқау өтеді.

Байқаудың мақсаты: Ұлы Отан соғысының жауынгерлерінің жеңіс жолындағы жанқиярлық ерліктері мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектерін паш ете отырып, олар сыйлаған бейбіт күннің қадірін ұғу, есімдерін мәңгі есте сақтау.

Байқаудың талаптары:

1. Мақалада бүкіл соғысқа қатысқан, хабар-ошарсыз кеткен немесе қаза тапқан, тылда еңбек еткен туысының (атасы, әжесі, апасы, ағасы) өмірі туралы тарихы болуы тиіс.

2. Мақала бірегей болуы керек және жеке автордың жасауымен. Сондай-ақ кейіпкері бар фотосуретті және басқа да мультимедиалық материалдарды қоса беруге рұқсат етіледі.

3. Әңгіме тек қана мәтіндік болуы міндетті емес. Бейне клипін түсіруге немесе шағын аудио кітапты жазуға болады.

4. Материал көлемі компьютерде 14-кегльмен Times New Roman қарпімен терілген, көлемі 1,5 беттен аспауы тиіс.

5. Автордың толық аты-жөні, байланыс телефоны көрсетілу керек.

6. Материалдар газеттің редакциясына қолма-қол немесе электрондық пошта арқылы мына мекен-жайға (Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.) 2019 жылғы 31 мамырдан кешіктірмей ұсынылады.

Бағалау критерийі:

1. Конкурс жеңімпаздары редакция жанынан құрылған шығармашылық топтың шешімімен анықталады. Келіп түскен материалдар (www.der-der.kz) сайтта орналастырылады және (https://www.fasebook.com/dendergazeti) әлеуметтік желіде оқырмандар қаралулары мен пікірлер ескеріледі.

2. Басқаның тарихын көшіруге және қайта жазуға тыйым салынады. Мұндай материалдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

3. Жүлделі орындарды бөлу кезінде ерекше және қызықты жұмыстарға басымдық беріледі.

Байқау корытындысы: Конкурстың нәтижелері қаралғаннан кейін (www.der-der.kz) сайтта және (https://www.fasebook.com/dendergazeti) әлеуметтік желіде «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай қорытындыланады.

Марапаттау және сыйлықтар: 1.Жүлдегерлер ұрпақтары дайындаған арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Біздің байланыс телефондарымыз: 2-11-42, 87011085021, 87781246436

Ұйымдастырушылар алқасы

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21