Білім беру саласындағы үздіктер марапатталды

Мерейі мен мәртебесі асқақ тұратын ұстаздардың кәсіби мерекелері қарсаңында аудан әкімі Мейірім Қалауидің қатысуымен Индер аудандық әкімдіктің мәжіліс залында салтанатты шара өтті.

Білім саласының қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтаған аудан әкімі өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан зор үлесі мен жетістіктері үшін бір топ ұстаздарды марапаттады.

-Біздің елімізде бәсекелестікке қабілеттіліктің ең басты жолы тәрбиелі, білімді ұрпақ десек, Елбасы Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіздік жылдарының алғашқы кезеңдерінен бастап білім саласының дамуына, оның материалдық-техникалық базасының жақсы болуына, шәкірттердің емін-еркін білім алуына жағдай жасауына көңіл бөліп келді. Қазірде де еліміздегі жасалып жатырған мемлекеттік бағдарламалардың басым көпшілігі осы білім беру саласына бағыт алған. Мысалы, аудандық бюджетті алып қарайтын болсақ та ең негізгі шығындар білім беру саласына жұмсалып отыр, - деген аудан әкімі ауданда білім беру саласында игілікті істердің жасалып жатырғандығында тілге тиек етті.

Сонымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы Нәжмеден Ислямғалиев (Аққала о/м), Ақтолқын Серікбаева («Көктем» қазақ о/м), Самал Байдешова (Ш.Уәлиханов о/м), Ляля Диярова («Балдәурен» б/б), Тұрсынай Ареноваға (білім бөлімінің әдіскері), Алғыс хаты Амангелді Мұратов (Аққала о/м), Нұржамал Рахметуллина (Қ.Абаханова о/м), Бейбит Шмиров (Қ.Есқалиева о/м), Қарлығаш Мырзахметова (М.Мөңкеұлы о/м), Бақытгүл Үмітқалиеваға (Жамбыл о/м) табысталды.

yuyuyu

Ал Майрагүл Алмашева («Айналайын» б/б), Бақтыгүл Кабдирова (Аққала о/м), Қарылғаш Нұғманова (Б.Нысанбав о/м) облыс әкімінің, Гүлайым Төлегенова (М.Мөңкеұлы о/м), Қарлығаш Камалова (Өнер мектебі) аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

iiii

Сөз кезегін алған аудандық мәслихат депутаты Жанай Амантурлин ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтай отырып, А.Шамкеновтің сөзіне жазылған Ә.Еспаевтің «Ұстазым менің» әні барша мұғалімдерге соғылған ескерткіш екендігін жеткізіп, осы әннен кейін толғанбау, ойланбау, балалық шаққа саяхат жасамау еш мүмкін еместігін сөз етті. Білім көкжиегінен көрініп жүрген мұғалімдерге талантты да, талапты шәкірттері көп болсын деген тілегін арнап, Райхангүл Қорғанбаеваға (С.Сейфуллин о/м) облыстық мәслихаттың, Гүлбану Даутова («Қызғалдақ» б/б) мен Нұрсәуле Қаламғалиеваға (Қ.Абаханова о/м) аудандық мәслихаттың Алғыс хатын табыс етті.

bbb

Сондай-ақ мереке қарсаңында облыстық Білім беру басқармасы мен аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен 18 педагог марапатталды.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521