Бас редакторлар мәлімдеме жасады (ФОТО)

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауы бұқара арасында кеңінен талқылануда. Алайда оның көпшілікке жету тәсілі қалай? Журналистердің мәртебесі қашанғы сөзбұйдаға салынбақ. Міне, жақында Атырау облысы бойынша Бас редакторлар клубының отырысында осы мәселелер күн тәртібінің талқысына түсті.

Алқалы жиында Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары З. Таласбекова өңірде Президент Жолдауын насихаттау жөнінде арнайы жоспар жасақталып, біраз жұмыстар қолға алынғанын, дегенмен, оны көпшілікке жеткізуде БАҚ өкілдері оған мән беріп, сараптама, талдаулар арқылы ұғынықты жеткізу жөн екендігіне тоқталды.

"Атырау-Ақпарат" ЖШС директорының бірінші орынбасары Р. Сәбитов: — Жолдауды құрғақ сөзбен насихаттауды қойып, нақты дәлелдемелермен зерделей беру маңызды. Бұл жөнінде жүйелі жоспарымыз, - десе "Қазақстан-Атырау" РТРК басшысы Қ. Әуесбай теледидарда жаңа жобалар ашылып, көрерменге жол тартқанын айтты. Дегенмен журналистердің мәртебесі туралы мәселе қызу талқыға түсті.

ooooo

Бұл туралы облыстық "Атырау" газетінің бұрынғы бас редакторы, Қазақстанның Құрметті журналисі И. Балмағанбетов: - Бұқарамен біте қайнасып келе жатқан БАҚ қызметкерлерінің әлі күнге мәртебесі айқындалмай, көптеген әлеуметтік мәселелері таса да қалуда. Сондықтан да мұны республикалық дәрежеде көтеріп, қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізуге ықпал ету қажет деп ойлаймын, - деді.

atyrrr

Ал "Алтын аймақ" газетінің бас редакторы Т. Берішбай халықтың мүддесі үшін жұмыс жасау маңызды екенін, клуб журналистің құқығын қорғау қажеттігін, олардың біліктіліктерін арттыруға жағдай жасау жөніндегі ойымен бөліссе, Республикалық "Сахара", облыстық "Атырау" газетінің бас редакторлары Қ. Батыров пен Н. Қосшиев журналист сауалына жауап, журналист жауапкершілігі жайына тоқталды.

Жиында облыс бойынша Бас редакторлар клубының төрағасы Ж. Амантурлин көтерілген мәселелерді қорыта келе қайткенде де бәсекеге қабілеттілікті арттырып, еліміздегі журналистика саласын заман талабына сай жетілдіруге атсалысу қажеттігін, барлық бас редакторларға көтерілген жайды назарға ұстап, осы бағытта біріге қарекет ету қажеттігін қаперге берді.

zhanaj

Сондай-ақ журналист мәртебесі жөніндегі арнайы мәлімдемені таныстырып, бас редакторлардың келісімімен ол республикалық Бас редакторлар клубының талқысына жолданды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521