Бас редактор - “Ақпарат саласының үздігі”

Астана қаласында өткен республикалық Бас редакторлар клубының кезекті мәжілісінде Индер аудандық «Дендер» қоғамдық саяси газетінің бас редакторы,  облыстық Бас редакторлар клубының төрағасы Жанай Амантурлин Мәдениет және ақпарат министрлігінің төсбелгісімен  марапатталып, “Ақпарат саласының үздігі” атанды.

Құрметті төсбелгіні Парламент Сенатының депутаты, Клуб төрағасы Бибігүл Жексенбай тапсырды.

Жанай Амантурлин аудан мәселелері, тарихи мұралар, қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттап ақпарат саласында, сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып елеулі еңбек сіңіріп келеді.

Айталық бұдан бұрын да еңбегі бағаланып  «ҚР Конституциясына - 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл», «ҚР Мәслихатына - 20 жыл» медальдарымен, «Республикалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ-нің «Құрмет белгісі», Азия құрлығының қазақ күрес федерациясының «Қазақ күресін» дамытуға қосқан үлесі үшін төсбелгісімен марапатталған болатын. 

«Дендер-Ақпарат» 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT