Барлық талап сақталған

Төрткүл дүниенің назары бүгін Қазақстанда. Неге десеңіз, бүгін елімізде кезектен тыс Президент сайлауы басталды.
Таңмен таласа біз де 111 сайлау учаскесіне келіп, жағдайды бақыладық. Сайлау учаскесі таңғы 7.00-де барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отыра, Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Дауыс беруге арналған орын заң талаптарына сай жабдықталған. Сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Руслан Ғазизовтан білгеніміздей мұнда 1540 сайлаушы бар. Оның
Оның ішінде 5 мүмкіндігі шектеулі жандар (2 арбада таңылған, 3 көзі көрметін), 14 жас сайлаушы бар, оның 10-і алғаш рет дауыс бергелі отыр. Сайлау учаскесінде мүгедектердің дауыс беруіне, байқаушыларға жағдай жасалған.
Жалпы аудан бойынша 18 сайлау учаскесі және 20614 сайлаушы тіркелген.
Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521