Баламайсаң күйлері іздестірілуде

{jcomments on}Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көрсетілгендей Ұлы даланың асыл перзенттерінің бірі, қазақтың күй өнерін дамытуда өлшеусіз үлес қосқан Байсан (Баламайсаң) Дауылұлының биыл туғанына 185 жыл толып отыр. Осыған орай күй кептерінің есімін ардақтап, асыл мұрасын насихаттау мақсатында ауданымызда арнайы бастамашылық топ құрылып, аудан басшысына арнайы хат жолданған болатын. Міне, топтың пікірі қаперге алынып, жақында аудан әкімінің орынбасары Д.Шамұратов Баламайсаң Дауылұлының 185 жылдығына арналған аудан көлемінде өтетін іс-шаралар жоспарын бекітті.

Елбасы Н.Назарбаев: «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында дала фольклоры мен музыкасының мың жылы жобасы аясында бізге: «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері-ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады.Сонымен қатар қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауа арналған маңызды туындылар топтамасын – «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет. Ұлы Даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс» деп атап көрсеткен болатын.

Онда Баламайсаң күйлерін жинақтап таспаға жаздыру, тарату, мектептерде күйшіге арналған әдеби сазды кештер, сынып сағаттары мен кездесулер өткізу, аудандық музейде көрме, «Күй кептері-Баламайсаң» атты аудандық өнер мектебінің концерті «ЖанайСағырдағы» күйші басына саяхат және өзге де мәнді шаралар қарастырылған. Осылайша Баламайсаңды тану шаралары басталғалы отыр.

Ж.ІСІМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз