БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ - АТА-АНАЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Құрметті ата-ана! Күні кеше Атырау қаласында 11 жасар бала жоғалып кетіп, жедел іздестіру нәтижесінде аман-есен табылған болатын.

Одан кейін тағы да 11 жасар бала Жайық өзенінің жағалауында абайсызда суға кетіп, 5 сағаттан соң өлі күйінде табылды. Ал достары жансақтау бөліміне жеткізілді. Жалпы былтыр облыс бойынша суға кетудің 22 оқиғасы тіркелсе, оның 11-і балалар. Көлікке қағылу мен отпен ойнауы салдарынан туындаған өрт оқиғалары да көптеп кездесуде. Сондықтан барша ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз! Қайғылы оқиғалардан қорғау үшін барлық мүмкіндікті жасауға тырысыңыз! Төтенше жағдайлар кезінде жедел құтқару қызметін шақыртатын "101" және "112" нөмірлерін балаларыңызбен бірге жаттаңыз. Әрбір бала мұны білуі керек!,-деп хабарлайды Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521