Бақытжан ағай бәрінен озып тұр

Көктоғай мәдениет үйінде орналасқан ✓118 сайлау учаскесіне сайлаушылар таңсәріден бастап дауыс беруге келе бастады. Аталмыш сайлау учаскесінің төрағасы Бибігүл Арзахановадан білгеніміздей, ең алғаш болып ауыл шаруашылығының ардагері, 78 жастағы зейнеткер Бақытжан Хайруллин дауыс берген. Жалпы Бақытжан ағай сайлау науқаны сайын ең алдымен дауыс беруді жақсы дағдыға айналдырған екен. Аталмыш сайлау учаскесінде 1435 сайлаушы тіркелген болса, сағат 9.00-ге дейін 205 адам дауыс беріп үлгерген. Үйден дауыс беруге әзірге 16 адамнан өтініш түскен. С. Сансызбайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT