Байланған ит баланы қапты

  • Баламның жанұшырған құлын даусын  естіп үйден шықсам,  қаңғырып келген бір ит 6 жасар баламды жерге аунатып талап тастапты. Қайта 14 жастағы ересек ағасы інісінің талап жатқанын көріп, арашалап алған екен.
  •  Баламның бас терісін,  қол-аяғын тістеген. Бір жақ қасына да тістің ізі тиіпті, қайта көзі аман қалыпты. Иттің мойнында шынжыры бар, әлде бір үйден байлаулы тұрған жерінен шешіліп кеткені көрініп тұр. Иесі үнемі  байлаулы ұстағандықтан  болар  ит өте ызақор,  әлде қасқыр шатыс па айбат шегіп  жақындатпайды. Дереу жедел жәрдем мен полиция шақырттым. Обалы не екеуінен  де жедел өкілдер келді. Медициналық қызметкерлер баламның жарасын таңып, тиісті уколын салды. Полициядан келген Ерлан Омаров пен Ризабек Ибраемов  және аудандық ветеринариялық станса басшысының орынбасары Ержан Әбішев сағат 11-ден кете келгеннен  түс әлеті асқанша итпен алысты. Ақыры душтың астына кіріп кеткен иттің аяғынан ветеринар жігіт  уколын салып үлгерді. Дәрінің күшінен ит әлсіреп құлады.
  • Полиция мен ветеринариядан келген жігіттердің өз ісіне адал, жұмысына тындырымыды  екеніне риза болдым. Осы жігіттердің арқасында балам бір өлімнен қалды. Әйтпесе бізге әл беретін ит емес. Жолдасым вахтасына жұмысқа кеткен еді. Баламды құтқарып алған жігіттер  қандай марапатқа да лайық деп ойлаймын.
  • Зухра БАУЫРЖАНОВА,
  • Әбілқайыр хан көшесінің тұрғыны
  • Индербор кенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз