Бақытжан Мусағали: "Бұл - халық пен биліктің ортасындағы алтын көпір"

ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері Бақытжан Мусағали отбасымен келіп 114 референдум учаскесінде дауыс берді.

- Егеменді еліміздің тарихында екінші рет өткізіліп жатқан бүгінгі референдум бұл халық пен биліктің ортасындағы алтын көпір болғалы тұр. Президентіміз де халық пен қоғамдық бірлестіктер, ұйымдармен, соның ішіндегі елдің орта топтағы адамдарымен байланысты нығайту, мемлекеттік басқаруда парламенттік жүйеге билікті көбірек беру мәселесін қолдайды. Саяси партияларды тіркеуге жеңілдік жасап, елдің экономикасын саяси әлеуметтік және мәдени жағынан дамуы үшін қолайлы жағдай жасағалы отыр. Шағын және орта кәсіпті дамытуға арналған гранттар мен субсидия бойынша көптеген мәселені халықтың алдына шығарып отыр. Өз басымыз мұны құптағандықтан Жаңа ғана дауыс беріп шығып отырмыз. Бәріміз еліміздің жарқын ертеңі үшін жауаптымыз ғой, - деді бізбен әңгімесінде.

Жадыра Нариманқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521