Қазақстандықтардың 75 пайыздан астамы сайлаудың әділ өтетініне сенеді

Кезектен тыс президенттік сайлау өтетін күнге бір айдан астам уақыт қалды. Түрлі мемлекеттік мекемелер халықтың көңіл-күйін, саналылығын, сайлауға қатысуға дайындығын, өз кандидатына дауыс беруді анықтау мақсатында әлеуметтік сауалдар жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институты социологиялық сауалнама жүргізді. Өлшемдерге сәйкес, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 73,1 пайызы 2022 жылдың 20 қарашасында өтетін президенттік сайлауға барамын деп жауап берді.

Бір шешімге келмеген респонденттердің үлесі 15,9% құрады. Дауыс беруге қатыспауға ниетті 9,7%. Респонденттердің 1,3%-ы сұраққа жауап беруге қиналған.

Жалпы респонденттердің 76,1%-ы (48,3%), дәлірек айтсақ (27,8%) 2022 жылғы қарашада өтетін президент сайлауы әділ өтеді деп сенеді.

Президенттікке кандидаттың бойында қандай қасиеттер болуы керек деген сұраққа: әдептілік, адалдық, жоғары білімділік, қазақстандықтар арасындағы беделі жоғары лауазымдар болды.

Әлеуметтанулық зерттеуді «Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институты ағымдағы жылдың 6-10 қазан аралығында жүргізді. Іріктемеге 17 облыс пен республикалық маңызы бар қалалардан Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 1200 респондент қатысты. Зерттеуде телефон арқылы сауалнама әдісі қолданылды.

Қателік ± 4%.

Сауалнама ОСК-ның 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № ОСК-08-18/1179 хабарламасына сәйкес ОСК-ның ресми рұқсатымен өткізілді. Сауалнама: қазақстандықтардың 75%-дан астамы сайлаудың әділ өтетініне сенеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз