ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА МЕРЕКЕ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН

Төменгі палатада ветеринария саласын реформалау мәселесі қаралды. Депутат Екатерина Смышляева ветеринар мамандардың кәсіби мерекесін бекіту керектігін айтты.
"Бүгінде кәсіби мерекелер қатарында ветеринар күні жоқ. Осыдан-ақ біздің және мемлекеттің ветеринар дәрігер мамандығына деген қарым-қатынасын байқауға болады. Мысалы, қаржыгер мен есепшілердің бірнеше мейрамы бар. Ал ветеринар дәрігердің күні жоқ. Сонда бұйрыққа жазылатын он бес әріпті аяп отырмыз ба?" деді Смышляева.
Айтуынша, оған ешқандай шығын шығарудың қажеті жоқ. Демалыс күні де енгізілмейді.
"Осыны жасасақ, ветеринарларға жағымды жаңалық болады. Олар елдің азық-түлік және жануарлар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр ғой", - деп түйіндеді депутат.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев депутаттың ұсынысын қолдады. Оның айтуынша, алдағы уақытта министрлік бірқатар ведомстволық награданы бекітуді жоспарлап отыр. Оған "Құрметті ветеринар" атағы да енгізіледі.
"Кәсіби мерекені де қолдан келсе қолдаймыз. Тиісті ұсыныс енгіземіз"  деп атап өтті Қарашөкеев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз