АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ТЕР ТӨКСЕМ ДЕЙМІН

Мен Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің 3 курс студентімін. Бірнеше жылдық тарихы бар атаулы білім ордасына 2022 жылдың қыркүйегінде «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығына оқуға қабылдандым. Колледжде барлық жағдай жасалған. Оқу процесі кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алғашқы оқу жы- лында жалпы білім беретін пәндерді оқысақ, қалған екі жылымызды өз мамандығымыз бойынша теориялық біліммен, өндірістік оқумен жалғастырып келеміз.

Ұстазым Қайырғали ағайдың бағыттауымен ДТ- 75 тракторын басқаруды, оның бөлшегіндегі ақауды тауып жөндеуді, МІЗ-82 тракторының жүріс бөлігіне, қозғалтқышына жөндеу жүргізуді, күтім көрсету жұмыстарын атқаруды, ВАЗ- ИО7, Нексия-ДЕУ, ГАЗ-52 жүк көліктері ақауларын жөндеп, күтім көрсетуді үйрендім. Өндірістік іс-тәжірибеден өту біз үшін маңызды.

Мысалы, «Слава» шаруа қожалығында егін жинау жұмыстарын, мал азығын дайындау агрегаттарын шөп шапқыш жұмысына әзірлеуді, МІЗ-82 тракторымен мал-қора жайларын тазалау жұмыстарын жүргізуді практикада жүзеге асырдым. Алдағы уақытта облыстық «АгроSkills» чемпионатына қатысуға дайындық үстіндемін.

Президент Қ.К.Тоқаев өз Жолдауында «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл – біздің жылымыз. Биыл колледжді аяқтап, өз мамандығым – ауыл шаруашылығы саласында аянбай қызмет етіп, білікті маман боламын деген сенімдемін.

Айбол ЖАНБОЛАТҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT