Ауыл кәсіпкерлеріне не кедергі?

Кәсіпкерлікті қолдау шараларын насихаттау мақсатында облыстық және аудандық сала мамандары ауылдық округтерде болып, көшпелі мәжіліс өткізді.

Мәжіліске қатысқан облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бас маманы Ережеп Абылай «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша тоқталып өтті.

-Аталған бағдарлама аясында субсидия мен кепілдендіру механизмдері жүзеге асуда. Бұл бағытта Атырау облысы өткен жылдың қорытындысымен республикада алғашқы орынды иемденді. Облыс әкімінің қолдауымен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» АҚ арқылы 2013 жылдан бері жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп келсе, биылғы жылы да аталған мекемеге 500 млн теңге бөлінді. Бағдарламасы аясында 3 млн теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар ұсынылуда. Алайда грант қаржысы тек иновациялық жобаларға ғана беріледі, - дей келе оған қажетті құжаттар жайын атап өтті.

Аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария, кәсіпкерлік және туризм бөлімдерінің бас мамандары Абай Абдиров пен Мирас Ыбыраев аудандағы шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлікті қолдау бағытында жұмыстарды және саладағы жаңалықтармен таныстырып өтті.

Толығырақ «Дендер» газетінің 1 мамырдағы санынан оқи аласыздар

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика