Ауыл көшелері жөнделіп келеді

Аудан аймағында салынып жатырған жолдың сапасы және халық көзқарасы тақырыбында Атырау «Адалдық алаңының» «Сапалы жол» жобасын талқылау және Индер өңірінде мемлекеттік тапсырыс негізінде жүргізілген жол құрылысы сапасына қоғамдық бақылау мақсатында Zoom платформасында онлайн кездесу өтті.

Оған аудан әкімінің орынбасары Д.Шамұратов, кент пен округ әкімдері және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ш.Ғаббасов қатысты. Онда ауылдық аймақтардағы ауылішілік жолды салынуға бөлінген қаржы, мемлекеттік сатып алу туралы заңына сәйкес жеңімпаз болып танылған мекеме және оның жұмысы туралы округ әкімдері хабарлама жасады.

Атап айтқанда, Көктоғай ауылдық округінің ішкі және жаяу жүргіншілер жолдарын өңдеу бойынша 1 миллиард 104 мың қаржы қаралып, «Атырау жолдары» ЖШС мекемесі өз жұмыстарын бастауда. Сонымен қатар Елтай ауылдық округінің ауылішілік және жаяу жүргіншілер жолдары үшін 1 млрд, 500 мың теңгенің үстінде қаржы қаралып, шілде айының басында "Атырау-инжстрой-айс" мекемесі жұмысты бастайды деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының м.а. Ш.Ғаббасовтың айтуынша кентішілік автомобиль және жаяу жүргіншілер жолдарын өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Қазір 52 көшені қалпына келтіру жұмыстары жасалынады деп жоспарлануда. 2019 жылдың 8 тамызында "Мемлекеттік сатып алу" туралы заңына сәйкес мемлекеттік портал арқылы 2 млрд 529 мың 732 мың теңгеге "Атырау-инжстрой-айс" компаниясымен келісімшартқа отырған. Жол жөндеу жұмыстарын тапсыру мерзімі 2020 жылдың күз мезгілі. Осы мекеменің жолды өңдеу жұмысы барысында жолдың са- пасыз жүргізілуі көпшіліктің назарында.

"Дендер-Ақпарат"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521