"Ауданның Құрметті азаматы" атанды

Дәрігер Құрақ Иманғазиев пен ұстаз Тойған Жұмагелдина ауданның Құрметті азаматтары атанды.

Бүгін Индер аудандық мәслихатының кезекті сессиясында ұзақ жыл аудандық ауруханада дәрігер–хирург, емхана меңгерушісі болып қызмет атқарған, I дәрежелі хирург, дүниеден өткен Құрақ Иманғазиевке «Индер ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Құрақ ағамыз Алматы, Ақтөбе қалаларында білімін жетілдіріп, өзінің іскерлігі мен батылдығы арқасында хирургияның бірнеше қиын саласын меңгерген тұлға. Тіпті қарапайым ауылдық емханада отырып-ақ адамның ішкі құрылысы өкпеге, жүрекке ота жасағанын әлі күнге дейін жергілікті тұрғындар есіне алып отырады.

kurak

Сонымен қатар, осындай марапатқа көп жыл математика пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен, «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісінің иегері Тойған Жұмагелдина апамыз да ие болды. Бүгін аудандық дәстүрлі тамыз кеңесі барысында аудан әкімі Тойған апамызға "Индер ауданының Құрметті азаматы" төсбелгісін табыс етті.

 

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика