Аудандағы оннан астам сиырдың өліміне қатысты түсінік берілді

"Мал өлімі дерегі 18 қараша күні Жарсуат ауылдық округінде тіркелген. Ресми мәліметке сәйкес, өлген мал саны - 13", деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

"Индер ауданы әкімдігі тарапынан жергілікті ауыл шаруашылығы мамандарымен бірлескен жедел-зерделеу тобы құрылды. Өлген малдан бөлек, тағы 10 бас малдың ауырып тұрғаны анықталды. Ауырған жануарларға қажетті ем шара көрсетілуде. Алдын-ала болжам бойынша, мүйізді ірі қара малы осы ауыл аумағында тіркелген бау-бақша дақылдарын егумен айналысқан шаруа қожалығына тиесілі аумақта жайылып, күпті болып қалған.

Қажетті зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізу мақсатында өлген малдың ішкі құрылыстары облыстық мал дәрігерлік зертханасына жолданды. Қорытынды 1 апта мерзімде анықталады. Сараптама белгілі болғаннан кейін, тиісті шаралар қабылданады" — дейді Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз