АУДАНДА ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Көктемде қолына кетпен алып дала жұмысын бастайтын диқаншы қауым шілде туғанда өз өнімдерін арнайы ұйымдастырылған жәрмеңкелер мен сауда нүктелеріне шығара бастады. Кешегі сенбіде ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге арналған жәрмеңкеде индерлік шаруагерлерде сол үрдістен жаңылмады.

Кен өндірумен қатар ауыл шаруашылығы саласын өркендетумен аты шыққан жотасы биік дендерліктер биылғы жылдың көктемінде су тасқынына қарамастан жер анамен жұмысты өрістете білді. Ол үшін жергілікті билік тарапынан да тисінше қолдаулар көрсетілді.  «Асыл агро», «Весна», «Владимир», «Нұрбол», «Амангелді балық шаруашылығы» сынды шаруа қожалықтары көкөніс, бау-бақша дақылдарын, шүбат, ет-сүт өнімдерін жәрмеңкеге әкелген. Жергілікті тұрғындарда нарық бәсінен төмен сатылған тауарларды лезде әкетіп жатты.

              -Жәрмеңкеде сатылып жатырған тауарлардың түрлері өте жақсы. Ауыл шаруашылығы өнімдері, адамға қажетті күнделікті тұтынатын тауарлар, обощ өнімдері, мал өнімдері, қаймақ, сүт, творог, құрт деген сияқты өте жақсы қол жетімді бағамен сатылуда. Болашақта да жақсы деңгейде өткізіледі деп ойлаймын, - дейді индербор кентінің тұрғыны Сәлімжан Сапағұлов

              Жалпы ауданда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатары жыл сайын артып келеді. Ол өндірген тауарларды өткізу үшін  жәрмеңке ұйымдастыру дәстүрге айналған. Соның нәтижесінде жергілікті тұрғындар өздеріне қажетті азық-түлікті арзан бағамен алуға қол жеткізуде. Мұндай оң бастама биылда жалғаспақшы.

 -Индер ауданында азық-түлік бағаларын негізсіз өсірмеу мақсатында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілуде. Жалпы ауданда 500 жуық шаруа қожалығы бар. иСоның ішінде 10 шаруашылық қатынасып отыр. Базар, сауда орындарындағы бағаларға қарағанда 20-30 пайызға төмен бағамен сатылып отыр. Мұндай жәрмеңкелер әр сенбі сайын өткізіледі. Жергілікті тұрғындарды қатынасуға шақырамыз, - Абай Абдиров, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы.

 Әр апта сайын өткізілетін жәрмеңкеге қатынасушы шаруашылықтар осылайша кезең-кезеңімен алмаса отырып өз өнімдерін тұрақты түрде өткізіп тұруға мүмкіндік алмақшы.        

Сұңқар Көшеков

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521