Атырау облысы полиция департаментінің нұсқауы негізінде, аудан аумағында рецидивтік, алкогольдік, отбасы-тұрмыстық қылмыстың алдын алу мақсатында, ағымдағы жылдың 9-13 ақпаны аралығында «Есептегі адам» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында аудандық полиция бөлімінде есепте тұрған тұлғалар тұрғылықты мекен-жайларынан тексеріліп, олардың тарапынан құқық бұзушылықтар болмауы қадағаланатын болады.
А.Курмашева
Индер АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторлары тобының аға инспекторы