Ауданда екінші бағдаршам іске қосылды

Индербордағы автокөлік қозғалысының ең көп тоғысқан тұсы Қ.Тұхфатов – Ш.Уәлиханов – Г.Шамин көшелерінің қиылысына жақында ғана жаңа бағдаршам орнатылды.

Бұл қиылыс кенттің орталық көшелерінің тоғысқан тұсы және аудандағы ең үлкен «Талап» базары маңы болғандықтан да көлік қозғалысы да көп, ал бастысы жаяу жүргіншілерге қауіп тудыратын тұс болатын. Осы мәселе бұған дейін тұрғындар тарапынан түрлі жиындарда, әлеуметтік желілерде көтеріліп жүр, «Dender» газетіне де жазылды. Бағдаршамның бағаналары өткен жаз айларында қондырылғанымен жол жөндеу жұмыстарының жүруіне байланысты іске қосуы кейінге шегерілген болатын.

b

- Бағдаршам соңғы үлгіде жасалған. Ауа райы қанша құбылып, күн тұманданып не күн қанша шақырайып тұрса да оның жарығы анық түседі. Әрі бағдаршамдарда уақытының саны нақты көрсетіліп тұр. Бұл дегеніңіз қазірден бастап жүргізушілер мен жүргіншілердің жол қатынасын реттеуге оң ықпалын тигізуде, -дейді Индербор кенті әкімі Асхат Аймұратов.

Айта кетейік, бұл жаңа мөлтек аудандарымен кеңейіп келе жатқан Индерборда орнатылған екінші бағдаршам.

С.БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз