Индер ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 241-ге жетті.
Бұл 2020 жылдың 15 шілдедегі көрсеткіші бойынша. Аудандық жедел штаптың мәліметінше, Индербор кентінде-150, Есболда-28, Өрлікте-22, Жарсуатта-19, Елтайда-8, Бөденеде-9, Көктоғайда-5 адам тіркеліп отыр. Ал бұлардың ішінде 32-сі ем қабылдап жатырса, 52-сі оқшауланып жатыр. Тек бір қуанарлығы 155 адам вирустан жазылып шықты. Ал бір өкініштісі 2 адам бұл вирустан көз жұмды.