Аудан көлемінде “Каникул” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Атырау облысы Полиция департаменің нұсқауына сай, жасөспірімдердің күзгі демалыс кезінде қауіпсіздігін арттыру бағытында кәмелетке толмағандармен оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 28 қазан 2 қараша аралығында аудан көлемінде “Каникул” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара басталғалы түн кезген, яғни сағат 23:00 ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жүрген 29 жасөспірім анықталып, ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 2және 3 бөліктерімен әкімшілік хаттама жасақталды. Сонымен қатар 1 электросамокат тізгіндеген жасөспірім және алкогольдік ішімдік ішкен 1 жасөспірім анықталып, ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ,Қонаев көшесі бойында орналасқан жақында ғана қолдануға берілген  ойын алаңын бүлдірген жасөспірімдер анық алып ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 435 бабымен әкімшілік хаттама жасақталып, айыппұл салынды.

Ғ.Жұмағалиев,
Индер АПБ ЖПҚб-нің бастығы полиция майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT