banner_damu

Атырауда вакцина алып, ұтысқа ие болған жеңімпаздарға 200 мың теңгенің сертификаттары тапсырылды

"Атырауда вакцина салдырған тағы 10 адамға ақшалай ұтыс тапсырылды" деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Вакцина сал да, ақшалай сыйлыққа ие бол!» ұтысының 11 тамызда төртінші кезеңі қорытындыланып, 10 жеңімпаз анықталды. Олардың әрқайсысы 200 мың теңгенің сертификатына ие болды. Жеңімпаздар қатарында түркістандық Байқоныс Сәрсембаев та бар. Ол Атырауға ауысымдық жұмысқа келіп, жергілікті вакцинациялау пунктінен екпе алған. - Өте қуаныштымын! Бұйырған кетпейді екен. Жұмысқа барар алдында, өз денсаулығым үшін екпе алғанмын. Бірақ, ақша ұтамын деп мүлде ойламаған едім, – дейді Б.Сәрсембаев.

Еске сала кетейік, Атырауда аталған ұтыс ойыны биылғы жылдың 30-шы маусымынан басталды. Осы уақытқа дейін, 32 жеңімпаз анықталды. Оның екеуі 3 миллион теңгенің иегері. Ұтыс ойыны қазан айына дейін жалғасады. Ал, қыркүйекте осы айдың соңына дейін вакцинацияланғандар арасында 1 миллион теңгелік сертификаттар ойнатылады.

Еске сала кетелік, "Азаматтық альянс" ұйымының бастамасымен іске қосылған ұтыс акция сының жалпы жүлде қоры - 40 миллион теңге.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика