Жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, заң мен тәртіптің негізін әлсірететін өте қауіпті әлеуметтік мәселе. Ол заңның үстемдігін жоққа шығарып, әділдік принциптерін бұзады. Жемқорлық орын алған жерде адамдар заңға емес, жеке пайдаға сенеді, ал бұл қоғамдағы тәртіпсіздік пен теңсіздікке алып келеді.
Заң мен тәртіп – әрбір мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің басты кепілі. Алайда заң тек қағаз жүзінде емес, іс жүзінде орындалғанда ғана өз маңызын сақтайды. Егер заңды бұзған адам жауапкершіліктен құтылып кетсе, ал адал адам әділетсіздікке ұшыраса, қоғамда сенім жоғалады.
Сондықтан жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, әрбір азаматтың азаматтық ұстанымына байланысты. Адал болу, заңды сақтау, әділетсіздікке бейжай қарамау – заң мен тәртіпті нығайтудың негізгі жолдары. Тек осылай ғана біз әділ, қауіпсіз және дамыған қоғам құра аламыз.
Г.Насиполла


