Сенат Цифрлық кодексті мақұлдады

Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жағдайында мұндай құжатты дайындау – аса маңызды әрі уақыт талабы. Кодекс парламентарийлер тарапынан әзірленді (бастамашылардың бірі – Сенат Төрағасының орынбасары Ж.Қ.Асанов).

 

Мақұлданған нормалар Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған елді ауқымды цифрландыруды одан әрі жүзеге асыру үшін құқықтық негіз қалыптастырады.

 

📄 Кодекске төмендегідей бірқатар маңызды ережелер енгізілген:

 

🔹 Цифрлық заңнаманың бірыңғай қағидаттары

Кодекс цифрлық саланы реттеудің мақсаттарын, міндеттері мен негізгі қағидаттарын айқындап, цифрлық трансформацияның тұтас құқықтық негізін қалыптастырады.

 

🔹 Цифрлық объектілердің құқықтық режимі

Цифрлық объектілердің түрлері белгіленеді, оның ішінде цифрлық деректер, цифрлық активтер, цифрлық ресурстар, бағдарламалық қамтамасыз ету, цифрлық жүйелер мен платформалар бар.

 

🔹 Цифрлық ортаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

Азаматтардың цифрлық құқықтары, соның ішінде цифрлық сәйкестендіруді қорғау құқығы, сондай-ақ цифрлық қатынастар субъектілерінің міндеттері бекітіледі.

 

🔹 Цифрлық сәйкестендіру және биометрия

Цифрлық және биометриялық аутентификация мәселелері, сондай-ақ цифрлық деректердің идентификаторларын пайдалану тәртібі реттеледі.

 

🔹 Цифрлық мемлекеттік басқару

Кодекс цифрлық мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздерін, оның ішінде мемлекеттің цифрлық архитектурасын және «цифрлық үкіметті» дамыту мәселелерін айқындайды.

 

🔹 Жаңа технологиялар және деректер қауіпсіздігі

Смарт-келісімшарттарды, таратылған жүйелерді, автоматтандырылған шешімдерді реттеу, сондай-ақ цифрлық деректерді қорғау және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары көзделген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT