Президенттің 2025 жылғы Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше мән берілгені көңіл қуантады. Өйткені аграрлық сала – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, халықты жұмыспен қамтитын және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды сала.
Жолдауда фермерлерді қолдау, ауыл шаруашылығына инвестиция тарту, заманауи технологияларды енгізу және ауыл инфрақұрылымын дамыту мәселелері нақты айтылды. Бұл бастамалар ауыл еңбеккерлерінің жағдайын жақсартып қана қоймай, өнім көлемін арттыруға және бәсекеге қабілетті отандық өнім шығаруға жол ашады.
Ауыл шаруашылығын жүйелі қолдау – ел экономикасын нығайтудың берік негізі. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлық пен нақты тапсырмалар ауылдың әлеуетін арттырып, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға үлкен мүмкіндік береді.
Ғ.Жұмашев
ауыл тұрғыны


