Атырауда тамақ арзандауы мүмкін

сурет atpress.kz сайтынан алынды

Атырау тұрақтандыру қоры 5 мың тонна картоп және көкөніспен толығуы мүмкін, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бас менеджері Гүлмира Меңдалиева мәлімдеді.

«Қазір аймақтағы 60 сауда нүктесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 18 түрі сатылуда. Бағасы нарықтағыдан 15 пайызға төмен. Сондай-ақ, қант тапшылығын болдырмас үшін «Көксу» зауытымен келісімшарт жасалды. Бұдан бөлек, биыл картоп пен көкөніс жеткізіп отырған «Қызанақ агро» шаруа қожалығы егістік алқабын 160-тан 300 гектарға ұлғайтып, күзде 5 мың тоннадан астам өнім алуды жоспарлап отыр. Ол тұрақтандыру қорына жеткізілетін болады. Бұл өз кезегінде бағаның арзандауына септігін тигізбек. Аталған жұмыстарды мамыр айына дейін атқаруды ойластырып отырмыз. Сол сияқты, біз басқа өңірлерден де көкөніс жеткізу бойынша келісімшарттар жүргізіп жатырмыз» дейді ол.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521