Атырауда медицина мамандарының облыстық форумы өтті

"Медицинадағы сабақтастық- кешегі мен ертеңгінің үндестігі" атты медицина қызметкерлері арасында облыстық форум өтті, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салтанатты форумға Атырау облысының кәсіподақтар бірлестігінің  төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Ізтұрған Баймұханов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Асхан Байдуалиев қатысып, сала қызметкерлерін Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады. "30 жылда ғасырларға бергісіз жолды жүріп өттік. Қиын да күрделі кезеңдерді өткердік. Алда атқарар міндеттеріміз көп.

Елге және халыққа қызмет ету жолында аянбауымыз керек" деді Асхан Байдуалиев. Сондай-ақ, денсаулық сақтау қызметкерлері арасынан Серік Мұстафин, Энвер Сеттаров, Эльдар Зұлпықаров, Эльмира Батырбай,  Қарлығаш Исакулова, Дина Камелова және басқа да дәрігерлер Атырау облысы әкімінің алғыс хаты  мен Атырау облыстық мәслихатының алғыс хаттарымен мапатталды.

Сонымен қатар, денсаулық саласының үздіктеріне ҚР Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін және  ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі төсбелгілері табысталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз