banner_damu

АТЫРАУДА ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Атырауда "Қазақтың ұлттық асы" тақырыбында аспаздар фестивалі өтті, онда өзге ұлт өкілдері бешбармақ, бауырсақ, қазы, құрт және басқа да қазақ тағамдарын дайындады, - деп хабарлайды ATPress.kz.

Атырау көлік және коммуникациялар колледжінің аумағында алтыбақан, киіз үй орнатылып, қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті таныстырылды. Шарада студенттер қонақтарды ұлттық киімдермен қарсы алды. "Былина" этномәдени бірлестігінің өкілдері қонақтарға қазы, шұбат, тары, талқан секілді тағамдардың дайындау тәсілдері туралы айтып, дәмді бауырсақ дайындаудың құпиясымен бөлісті.

- Бұл іс-шараның ерекшелігі-қазақ мәдениеті мен әдет-ғұрпы туралы қазақтардың өздері емес, Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері айтады. Қазақ асханасы ең ерекше. Біз бүкіл отбасымызбен қазақ асханасының тағамдарын жақсы көреміз, ал біздің үйде бешбармақ пен қуырдақ, сондай - ақ қымыз күн сайын қолданылады, - дейді этномәдени бірлестіктің жетекшісі Андрей Кораблев.

Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының "Қазақтану"мәдени-ағартушылық жобасы аясында ұйымдастырылды. Шара мақсаты - барлық қазақстандық этностар арасында қазақ халқының мәдениетін, тарихын, философиясын насихаттауға бағытталған.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика