Атырауда көз жұмған шекарашы сарбаз менингит жұқтырған болуы мүмкін

Әскери қызметшіден болжамды түрде анықталған «менингококктық жұқпа» тасымалданған болуы мүмкін екенін хабарлады Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жедел қызмет сарбазының өлімі туралы айтты. ​26 қазан күні күндізгі сағат 17:50-де Атырау облыстық ауруханасының науқастарды қабылдау бөліміне шекара қызметінің әскери қызметшісі ауыр жағдайда түсті. Алып келген адамдар сарбаздың соңғы уақытта қызуы көтеріліп, басы ауырып, басы айналып, құсып, әлсіз болып жүргені туралы шағымданып жүргенін айтқан. ​

Сарбаздың жағдайы ауыр болғандықтан, дәрігерлер жедел түрде реанимация бөліміне орналастырып, барлық қажет шараларды жасады, бірақ түнгі сағат 23.35-те сарбаз қайтыс болды. ​Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнафис Таңбаеваның айтуынша, клиникалық-зертханалық тексеру нәтижесімен мамандар кеңесе отырып, науқасқа күрт дамыған менингококк жұқпасы болуы мүмкін деген алдын ала диагноз қойған. ​Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан осы жағдайды тексеру бойынша комиссия құрылып, әскери бөлімге дәрігерлер тобы жіберілді.

Эпидемияға қарсы алдын алу шаралары жүргізілді, науқаспен байланыста болған 130 әскери қызметші тексеруден өтті, 54 әскери қызметшіден ЖРВИ алғашқы сатысы анықталды. Сарбазбен байланыста болған адамдар арасында менингококк жұқпасы анықталмады, медициналық бақылау жүргізілуде. ​Облыстың штаттан тыс эпидемиологы Гүлжамал Таубаеваның айтуынша, сарбаз әскери бөлімге 19 қазанда Қызылорда облысынан келген. Менингококк жұқпасының инкубациялық кезеңі 3-10 күн аралығы, сондықтан бұл жағдайда сарбаз ауру тасымалдаушы болуы мүмкін. Сұрастыру арқылы анықталғандай, сарбаз үш күн ауырып жүрген, медициналық көмекке 26 қазан күні сағат 14:30-да жүгінген.

Atr-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз