Атырауда ковид такси қызметі іске қосылды

«Қазіргі уақытта​ ковид такси пневмония және коронавирустан үй жағдайында емделіп жатқан науқастарға қызмет көрсетуде. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аталмыш қызмет түрі ел бойынша бірінші болып Атырау облысында ұйымдастырылып отыр.​ Әзірге ковид такси түнгі кезекте қызмет көрсетіп жатыр. Алдағы уақытта аталмыш такси санын көбейту жоспарлануда» деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық жедел жәрдем қызметі стансасы директорының міндетін атқарушы Наргиз Баймолдаеваның айтуынша, қазіргі уақытта жедел жәрдем қызметіне түсіп жатқан шақыртулар өте көп. «Ал, ковид такси қызметі жүктемені азайтуға ықпал етуде.

25522

Ковид такси толыққанды бригадамен тең дәрежеде медициналық қызмет көрсете алады. Ковид такси коронавирус, пневмонияға шалдыққандармен бірге, қызуы көтеріліп тұрған науқастардың шақыртуына да барады. Және егер коронавирусқа шалдыққан науқас дәрігердің қабылдауынан шығып, үйіне жете алмай тұрған жағдайларда ​ ковид такси қызметін пайдалана алады. Ковид таксидің бригадасы жүргізуші мен ​ фельдшерден тұрады.

Өкінішке орай, біздің де қызметкерлеріміздің арасында науқастанып жатқандар бар. Қазіргі уақытта қолда бар күшті максималды түрде тиімді пайдалануға тырысып отырмыз» дейді Атырау облыстық жедел жәрдем қызметі стансасы директорының міндетін атқарушы Наргиз Баймолдаева. Ерекше атап өтерлігі, ковид такси жүргізушілері қажет жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсете алады.

9

Олар базалық реанимациялық көмек бойынша оқытудан өткен. Сонымен бірге, пневмония, коронавирусқа шалдыққан науқастар ковид такси қызметін ​ дәрі-дәрмек тасымалы үшін де пайдалана алады. ​ Айта кетелік, пандемия басталғалы бері ​ Атырауда жедел жәрдемге шақыртулар көбейген. Бұрын шақыртулар тәулігіне 700-800 рет тіркеліп келген болса, қазіргі жағдайда облыс бойынша шақырулар саны 1300-ге дейін артқан. ​

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз